06 қаңтар 2022 | 03:41

ҰҚШҰ Қазақстанға бітімгерлерін жібереді - Пашинян

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстанға ұжымдық бітімгерлік күшін жіберу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстанға ұжымдық бітімгерлік күшін жіберу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пашинян Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. 

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне байланысты және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, атап айтқанда, сырттан туындаған қатерді ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына сәйкес осы елдегі жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерін Қазақстан Республикасына шектеулі мерзімге жіберу туралы шешім шығарды", - деп жазады Никол Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінен көмек сұрағаны хабарланған. 

ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная