12 қаңтар 2022 | 08:44

ҰҚШҰ күштері Қазақстандағы тағы 5 нысанды күзетке алды

Дина Шарипханова Корреспондент
© REUTERS

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері бір тәулікте бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды. Бұл туралы 11 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері бір тәулікте бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды. Бұл туралы 11 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

"Кейінгі тәулікте ҰҚШҰ бітімгершілік күштері тағы бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды", - деді Андрей Сердюков журналистерге.

БЕлТА мәліметінше, Беларусь бітімгершілік күштерінің әскери контингенті Жетіген әскери аэродромы және оқ-дәрі арсеналы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Реклама
Реклама

Сурет: belta.by

Сердюковтың айтуынша, қазір ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен нысандарды еліміздің құқық қорғау органдарына беру жоспарын әзірлеп жатыр.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерлері 10 күн ішінде Қазақстаннан шығарылатынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная