28 мамыр 2024 | 15:15

"Үлесіңізді жоғары бағалаймыз". Тоқаев Нидерланд премьер-министрімен кездесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

"Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram