Үлкен Алматы айналма автожолы келесі жылдан салына бастайды - Назарбаев
Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына қатысты шараларға қатысып сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үлкен Алматы айналма автожолы туралы да айтты, - деп хабарлайды Егемен Қазақстан. "Келесі жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталады. Бұл мемлекет үшін 2017 жылдың басты шаруалары қатарынан болғалы отыр" деді Елбасы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев аталған жобаның маңыздылығына тоқталды. "Біріншіден, қалаға кіретін машиналар саны азаяды. Екіншіден, Қытай мен Батыс Еуропаны жалғайтын магистраль Алматы арқылы өтетін болады. Бұл қаланың дамуына үлкен серпін береді. Үлкен Алматы айналма жолы Батыс Еуропа-Батыс Қытай деп аталған халықаралық магистральдің бір бөлігі болмақ", - деді Президент.

Алматы қаласы көшелеріндегі машиналар санын азайтуға бағытталған автокөлік жолының жобасы. Жол Қарасай, Іле және Талғар аудандарының территориясымен өтеді. Бастапқы есеп бойынша, жобаның құны 79 миллиард теңге. Ұзындығы - 65,5 километр. Техникалық категориясы - 1 "а", ақылы.
Айналма жол 14 көпір, екі деңгейлі 8 автокөлік айналмасынан (развязка) тұрады. Сонымен қатар ол екі жерде темір жолды, республикалық деңгейдегі 5 автокөлік жолын, жергілікті деңгейдегі 14 жолды және 8 дала жолын басып өтуі тиіс. Жоба кей жерлерде электр линияларын, су құбырларын, кәріз жүйелерін ауыстыруды қажет етеді.
Жол Алматының батысындағы Қырғауылды ауылының тұсынан басталып, шығыс жағында Алматы-Талғар трассасының 22-ші километрінен аяқталады. Саяжайлар, шаруа қожалықтары орналасқан аймақпен өтеді.
Үлкен Алматы айналма жолын салу үшін 724 жер учаскесін сатып алу көзделген болатын. Оның 714-і сатып алынды.
Алғашқы жоспар бойынша 2014 жылы салынуы тиіс болатын. Алайда, қаржы дағдарысына байланысты жобаны іске асыру уақытша тоқтатылды.