23 мамыр 2023 | 14:32

Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) пайдалануға беру жоспарланған. Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

"ҮАААЖ-да ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді ", - деді Жамбыл Бақтияр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы концессия механизміне сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл дегеніміз, бір тарап екінші тарапқа нысандарды пайдалану немесе салу құқығын беретін келісім. Концессия әдетте мемлекеттер мен компаниялар арасында жасалады және белгілі бір шарттар мен мерзімдерге ие. Концессионер - "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС, оның құрылтайшылары "Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплант – Корея Экспрессвэй" түрік – корей консорциумы болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная