ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2024 | 12:16
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол жылына 14,50 пайызға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол жылына 14,50 пайызға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50 пайыз дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Биыл сәуірде инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды.
"Ортамерзімді келешекте 5 пайыздық инфляция бойынша мақсатқа жету ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді қажет етеді. Инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауы базалық мөлшерлемені бұдан әрі байыппен төмендетуге жағдай жасайды. Қазіргі ақша-кредит шарттары инфляциялық үдерістердің баяулау қарқынын бекітуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға бағытталған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также