Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болып отыр.

Реклама
Реклама

"Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды", - деп жазылған хабарламада.

Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 29 тамызда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама