Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделді. Оның аясында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жаңартылып, инфляция тәуекелдерінің балансы қайта бағаланды", - делінген хабарламада.

2025 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері Ұлттық банк базалық мөлшерлеме мәселесін бесінші рет қарастырып отыр.

Алғашқы отырыс 17 қаңтарда өтті – онда мөлшерлеме өзгеріссіз 15,25 пайыз деңгейінде қалдырылды. 7 наурызда реттеуші базалық мөлшерлемені 16,5 пайызға көтерді.

11 сәуірде Ұлттық банк мөлшерлемені тағы да 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды. 5 маусымда да осындай шешім қабылданды – мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде, яғни 16,5 пайыз болып қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама