24 ақпан 2022 13:46

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме неге көтерілгенін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме неге көтерілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме неге көтерілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл шешім "Ұлттық банк пен Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының теріс сценарийі мен жоспарлары аясында қаралған геосаяси ахуалдың елеулі нашарлауы кезінде сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді іске асыру аясында баға тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне" негізделген.

"Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ақша-несие саясаты ел экономикасына сыртқы күйзеліс салдарларының таралуын болдырмауға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңге активтерін қорғауға бағытталған. Екінші деңгейдегі банктер ақша-кредит саясаты құралдарының шеңберінде қажетті өтімділікпен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық банк қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шамадан тыс құбылмалылық жағдайында валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтай отырып, теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамы режимін сақтауды жалғастырады. Бұл ретте теңгенің икемді айырбас бағамы алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етеді, оның маңыздылығы сыртқы сектордан келетін тәуекелдерді іске асыру аясында артты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұлттық банк 24 ақпанда 104 миллион долларға интервенция өткізді.

"Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп іске асыратын халықтың теңгелік депозиттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы қосымша хабарланатын болады. Ұлттық банк ішкі ақша және валюта нарықтарындағы, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға үнемі мониторинг жүргізіп отырады және қажет болған жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды", - деп толықтырды ҰБ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram