Ұлттық банк ескі 10 000 теңгені қолдану мерзімін ұзартты

Дина Шарипханова Корреспондент
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгені қолдану мерзімін ұзартты Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылған.

Ұлттық банк "Сақ стилі" сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырып жатыр, оның аясында ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру механизмі қолданылады.

Реклама
Реклама

"Ол кезең аяқталған соң барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлемдер мен аударым түрлерін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама