ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2023 | 17:00
Ұлттық банк Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда инфляцияның айлық серпіні өткен жылдың наурызындағы күйзеліс мәнінен кейінгі ең жоғары деңгейден төмендеуіне қарамастан, алдыңғы 5 жылдағы орташа жылдық мәндерден асатын деңгейде қалып отыр.
"Инфляция біздің күткенімізге сәйкес дамып жатыр. Биыл ақпанда оның жылдық мәні 21,3 пайызды құрады. Ең көп үлесті азық-түлік бағасының өсуі жалғастырып жатыр, ол 26,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 20,2 пайызға дейін өсті. Импорттық тауарлар бағасының өсуінің жалғасуына және оларға сұраныстың қолдауына байланысты.Ақылы қызметтердің инфляциясы 15 пайызға жетті", - деді Ақылжан Баймағамбетов.
Жеткізу тізбегін қайта құрылымдау, инфляцияның жоғары күтулері, фискалдық ынталандырудың жалғасуы және несиелендірудің ұлғаюы жағдайында инфляция жоғары деңгейде қалып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также