ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2023 | 12:31
Ұлттық Банк Қазақстандағы базалық мөлшерлемені төмендетті
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық Банк ақпаратына сәйкес, тиісті шешім жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды.
"Сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді. Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді", - делінген хабарламада.
Дегенмен, ортамерзімді перспективада Қазақстан экономикасының өсуі бойынша болжамдар жақсарған.
"Орнықты ішкі сұраныс, бюджет шығындарының өсуі және мұнай секторының қалпына келуі есебінен іскерлік белсенділік кеңейетін болады. Биыл ЖІӨ өсімі бұрынғыдай 4,2-5,2% деңгейінде күтілуде. 2024-2025 жылдары Қазақстанның ЖІӨ өсу болжамы 4-5%-ға дейін көтерілді. ЖІӨ болжамының тәуекелдері Қазақстан экспортының халықаралық нарықтарға қол жеткізуінің ықтимал проблемаларымен, сондай-ақ мұнайды жоспарлы өндіруге қол жеткізбеу ықтималдығымен байланысты", - деп жазды Ұлттық Банк баспасөз қызметі.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылы 6 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Смайылов Қазақстандағы инфляцияны төмендету жөнінде тапсырма берген еді. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также