12 сәуір 2022 | 09:49

Ұлттық банк өсімдік май бағасы неліктен күрт өскенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов өсімдік май бағасы неліктен күрт өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов өсімдік май бағасы неліктен күрт өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда шикізат пен материалдардың бағасы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты логистикалық іркілістердің әсерінен тез өсті. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аясында экспорттық жеткізілімдердің азаюының әсерінен өсімдік майының бағасы бір айда 23,2 пайызға және дәнді дақылдар 17,1 пайызға өсті", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ұлттық банк басшысы шикізат, жанар-жағармай, газ бағасының көтерілуі аясында наурызда Еуроаймақтағы инфляция алдын ала мәліметтер бойынша 7,9 пайызға дейін өскенін, АҚШ-та соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткенін хабарлады. Ол 2022 жылдың ақпанында 7,9 пайызды құраған. Ресейде инфляция наурыз айында 16,7 пайызға дейін өскен.

Реклама
Реклама

"Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық фон 2022 жылы жеткізу тізбегі проблемаларының сақталуымен, азық-түлік пен шикізат бағасының өсуімен, сондай-ақ құнсызданумен қатар геосаяси тәуекелдердің жүзеге асуына байланысты қолайсыз болады", - деп қосты Пірматов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная