08 сәуір 2022 | 12:25

Ұлттық банк ресейліктердің Қазақстандағы "карталық схемалары" туралы хабарламаға пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ресейліктерге Қазақстанда банк карталарын ашуға мүмкіндік беретін банк жүйесіндегі "айла" туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейліктерге Қазақстанда банк карталарын ашуға мүмкіндік беретін банк жүйесіндегі "айла" туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әлеуметтік желілерде танымал басылым авторы мәліметінше, Ресейдің интернет кеңістігінде біздің ел арқылы Батыстың санкцияларын айналып өтуге болатын "айла" пайда бола бастаған.

"Соның ішінде Қазақстанның банк жүйесін пайдалану. Мысалы, қазақстандық банк карталарын жалған тұлғалар - Қазақстан азаматтары арқылы ашу ұсынылады. Мұндай схемаларды жаппай қолдану арқылы қаржы жүйеміз санкцияларға ұшырамауы үшін Ұлттық банк бұған назар аударуы керек", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, елдің банк жүйесінде болып жатқан барлық процесс жіті бақылауда.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, клиентке банк шотын ашқан кезде банк клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерінің заңнама талаптарын сақтауына тиісті тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті", - делінген Tengrinews.kz редакциясына берілген жауапта.

Сондай-ақ, ҰБ банк шоттарын ашу барлық қажетті тексеру жүргізіліп, клиенттің жеке басы анықталғанда және растағаннан кейін, клиенттің іскерлік қарым-қатынас орнату мүмкіндігін шектейтін тізімдерде жоқтығы расталғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная