Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға төмендеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 85,9 миллиард доллар.

"Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банктер шоттарындағы қалдықтардың азаюы және сыртқы қарыз бойынша төлемдер есебінен 1,2 миллиард долларға азайып, 33,2 миллиард долларды құрады", - деді Пірматов.

Реклама
Реклама

Ұлттық қордың активтері 52,7 миллиард доллар.

"Республикалық бюджетке 1 036 миллиард теңге көлемінде трансферттер бөлу мақсатында 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2,1 миллиард долларға валюталық активтер сатылды.

Мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аясында Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан бері 1 059 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге жуық өсті, оның ішінде валюталық түсімдер 1,9 миллиард долларды немесе баламада 845 миллиард теңгені құрады", - деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама