Ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі - Президент “Заң мен тәртіп“ қағидаты туралы

Ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі - Президент “Заң мен тәртіп“ қағидаты туралы Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өркениетті ел ретінде заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өркениетті ел ретінде заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары мемлекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түсті. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Біз өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға, әсіресе, жастарға заңды құрметтеу, заңға бағыну қажет екенін қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірген жөн. Заңды қадірлеу, тәртіпті қолдау, бұл – әр адамның жарқын өміріне жол ашатын маңызды шарт", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституциямызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды.

Жарнама
Жарнама

"Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның мызғымас тұғыры. Адам және оның өмірі – еліміздің Ата заңына арқау болған басты құндылық. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттің басты міндеттері ретінде айқындалды. Түптеп келгенде, жаңа тұрпатты ел болу жолындағы әрбір реформа, ең алдымен, халықтың қалауымен, жұртшылықтың тікелей қолдауымен жасалады", - деді Президент.

Бұл ретте Президент мұның барлығы бір сәтте жүзеге аспайтыны белгілі екенін де айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы шенеуніктерге қоғамдық талаптарды тыңдау міндетін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама