ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2019 | 17:40
Ұлттық бюро Атырау облысының бірнеше шенеунігіне қатысты іс қозғады
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысындағы шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері арнайы жедел-тексеру шараларының нәтижесінде Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына, Бухгалтерлік есеп , қаржы-экономикалық бөлімінің есеп-қисап басқарма басшысына, оған қоса "Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының" Коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директорына және "Жантұрин атындағы облыстық филармония" директорына қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді агенттіктің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Астанада өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, пара алу, бюджеттік қаржыны аса ірі көлемде жымқыру деректері бойынша іс қозғалды.
"Бухгалтерлік есеп, қаржы-экономикалық бөлімінің есеп-қисап басқарма басшысына үй қамауына алу түріндегі бұлтартпа шарасы қолданылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Бердалин.
Показать комментарии
Читайте также