ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2022 | 09:59
Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады", - делінген хабарламада.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КЕАҚ қызметіне: әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.
ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.
Еске салайық, биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также