09 наурыз 2021 | 17:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспийдегі қызмет туралы заңдағы түзетулерді түсіндірді

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Каспий теңізін қолдануға қатысты қабылданған заңнамалық өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Каспий теңізін қолдануға қатысты қабылданған заңнамалық өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Ол ұлттық заңнамаға халықаралық шарт нормаларын қосады және Қазақстанда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның күшіне енуіне дайындығын қамтамасыз етеді.

Конвенцияда теіңіз жағалауындағы мемлекеттер үшін ені 15 теңіз миліне дейінгі аумақты және ені 10 теңіз миліне дейінгі балық аулау аймағын белгілеу, сондай-ақ шектес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттермен уағдаластық бойынша теңіз түбі мен жер қойнауы секторын ажырату құқығы көзделген.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" заңның 16-бабына сәйкес қазақстандық кемелерге мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу талаптары сақталған жағдайда тәуліктің кез келген уақытында ішкі және аумақтық суларға шығу құқығы берілді.

"Аумақтық теңіз суында және шағын кемелердегі ішкі суларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қазақстандықтарға теңізге екі мильге дейінгі қашыққа еркін шығуға рұқсат етіледі. Бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (ҰҚК, ІІМ) тиісті ұсынысы қажет.

ҰҚК жыл сайын Каспий теңізі жағалауы учаскелерінің тізбесін белгілейді. Ол кезде режимдік шектеулерді қолданылу, жеке және заңды тұлғаларға демалу, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және басқарылатын (суүсті және суасты) кемелер белгіленген шаршыда жүзуі және пайдаланылуы тоқтатыла тұрады", - деп атап өтті ҰҚК өкілі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға 2021 жылғы 23 ақпанда қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная