“Ұлттық қор - балаларға“: ақша қашан түсетіні белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
“Ұлттық қор - балаларға“: ақша қашан түсетіні белгілі болды Фото:depositphotos.com/ bilanol.i.ua

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында қазақстандық балалардың шоттарына төлем қашан түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында қазақстандық балалардың шоттарына төлем қашан түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, қаражатты аудару 30 қаңтарға, жұма күніне жоспарланған. Азаматтар ақшаны шоттарынан 31 қаңтар түстен кейін немесе 1 ақпан күні таңертең көре алады.

Төлем мөлшері қазірдің өзінде белгіленген және әр балаға 130 доллар (қазіргі бағам бойынша 65 мың теңгеден асады) болады.

Реклама
Реклама

"Сома белгілі, әр баланың шотына шамамен 130 доллар түседі", - деді ол.

Биыл бағдарлама іске асырылып жатқан үшінші жыл болмақ: бірінші жылы балаларға шамамен 100 доллар, екінші жылы - 130 долларға жуық қаржы аударылған. Алдағы төлемді есепке алғанда, жалпы сома шамамен 360 доллар (181 мың теңгеден асады) болады. Инвестициялық табысты ескерсек, бұл сома сәл артады.

"Біз әрдайым айтып келеміз: балалар өсіп, кәмелет жасына жеткенге дейін бұл ақша бос жатпайды, ол инвестицияланады. Сондықтан инвестициялық табысты ескергенде, бағдарламаға үш жыл қатысқан балалардың шоттарында шамамен 370 доллар болады", - деп түйіндеді Молдабекова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама