13 қараша 2024 | 15:03

Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаттары "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленген.

"Бірінші: 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспарға қарсы 2 триллион теңгеге азайтыла отырып айқындалды. Бұл ретте 2 триллион теңгені Ұлттық қордан нысаналы трансферт түрінде қосымша тарту жоспарланған", - деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері үкімет енгізген түзетулерді ескере отырып және 2023 жылға арналған 61,3 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қалдықтарын пайдалана отырып өзгертілген.

"Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 миллиард теңгеге өседі, биылғы республикалық бюджет тапшылығы 61,3 миллиард теңгеге өсіп, 3,6 триллион теңге болады", - деді Савельева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная