ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2022 | 09:45
Ұлттық қордан түсетін трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыру жоспарланып отыр
Үкімет Ұлттық қордан 2022 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге немесе 1,6 триллион теңгеге дейін ұлғайтып, оны түзету ұсынылады", - деді Қуантыров Үкімет отырысында
Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,9-дан 2,1 пайызға төмендеген. Атаулы ЖІӨ 91,5 триллин теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген болжамнан 4,5 триллион теңгеге жоғары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также