19 қаңтар 2024 | 10:54

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылғаны хабарланды:

  • Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
  • "Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
  • Қазақстанның Еңбек Ері, № 7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
  • Басқарма төрағасы - Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
  • жеңіл атлетика спортшысы Айсұлу Сүлейменова;
  • дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
  • Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бірқатар өңірдің қоғамдық кеңес мүшелері де кірген.

"Ұлттық құрылтай құрамынан Б.Алтеев, А. Толамисов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, К. Майгелдинов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды", - делінген хабарламада.

Қазір көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram