20 мамыр 2022 | 16:57

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы музейдің ресми өкілі Айдар Қырықбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы музейдің ресми өкілі Айдар Қырықбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол шамамен, бір жарым күн жансақтау бөлімінде жатқанын білесіздер. Қазір ол палатаға ауыстырылды. Жағдайы орташа. Палатасына әлі ешкімді кіргізбейді, тек жұбайын. Жалпы, дәрігерлер оны қарап жатыр. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Қырықбай.

Ол Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің басшылық құрамына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған директордың орынбасарлары, бұрынғы директорлар және т.б. кіреді. "Алтын адамның" әлем музейлеріне шеруі" 2017 жылы басталды. Осы уақыт ішінде бірнеше директор мен орынбасар ауысты. Тексеріс болғанын жасырмаймыз. Тексеріске Тұңғышбай Жаманқұловтың шағымы (қазақстандық актер. - еск.) негіз болған. Ол Мемлекет басшысының атына хат жазды. Осыдан кейін бізде Есеп комитетінің тексерісі болды. Олар ұсақ заңбұзушылықтар тапты, олардың ескертулерін Ұлттық музей орындады. Кейін Бас прокуратураға қаржылық аудит шағымы бойынша тексеріс жүргізілді. Онда да ұсақ ескертулер айтылып, олар түзелді. Жаманқұлов үшінші рет хат жазды. Онда Мұхамедиұлының өзін айыптаған", - деп түсіндірді Айдар Қырықбай.

Оның айтуынша, Ұлттық музей қызметкерлері Мемлекет басшысының атына "заңсыз тексерулерді" тоқтату туралы хат жазған.

Еске салсақ, 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның" әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған. 

БАҚ-та Ұлттық музейдің директоры, бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "тамырын кесті" деген ақпарат тараған. Оның баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарып, онлайн брифинг өткізуге уәде берген еді.

Ұлттық музей директоры да әлеуметтік желіде үндеу жариялап, оны қаралап жатқандар туралы айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная