23 қыркүйек 2022 | 11:35

Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы бағаны көтерді деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:naceks.kz

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу кезінде үстем жағдайды теріс пайдаланды деген күдікпен "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу кезінде үстем жағдайды теріс пайдаланды деген күдікпен "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, орталық монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сәйкестікті растау (сынау, сертификаттау, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді декларациялау) және метрология (өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу) қызметтері нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйіне талдау жүргізді.

Ұлттық орталық үстем жағдайға ие бола отырып, кейбір қызметтердің бағасын көтерген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу қорытындысы бойынша Ұлттық орталықтың жоғарыда көрсетілген қызметтерге бағаны көтеру жөніндегі іс-әрекеттеріне тиісті баға берілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная