01 қазан 2021 | 18:04

Ұлттық ұлан ардагерлерді құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің басшылығымен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері 1 қазан - Қарттар күні мерекесімен Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының есебінде 80-ге жуық егде жастағы ардагер бар. 

Өңірлік қолбасшылыққа қарасты 10 әскери бөлім осы ардагерлерді қамқорлыққа алған. Олар бүгін әр ардагерге барып, мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреевтің атынан алғыс хат пен сый-сияпат беріп қайтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная