01 наурыз 2018 | 16:02

Ұлттық ұлан құтқарушылары Алматы облысындағы су басқан ауылдарға көмекке келді

© Айдос Байшағыр

Биыл қыстың соңғы күндері аяқ астынан ауа райының күрт өзгеріп, күн райының лезде жылынуына байланысты Алматы облысындағы шатқалдар мен жоталарда жатқан қар еріп, соның кесірінен Алматы облысындағы Қайназар, Ынтымақ ауылдары мен Ұзынағаш ауылының батыс және шығыс жағындағы көшелері мен тұрғын үйлерді су шайып жергілікті халықты біраз әбігерге салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Реклама
Реклама

"2018 жылғы 26 ақпан күні Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімінен Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш, Ынтымақ және Қайназар ауылдарындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қосымша күштерді тарту үшін Ұлттық ұланның 28237 әскери бөлімінің мекенжайына өтініш хат келіп түскен болатын. Соның негізінде әскери бөлім командирінің шешімімен 26-28 ақпан аралығында 130-дан аса ұландық құтқарушы мен 10-нан аса арнайы техникалар апат болған аудандарда таңнан кешке дейінгі мерзімде құтқару жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада. 

Ұлттық ұланның құтқарушы бөлімдері жеке құрамының күштерімен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Ұзынағаш, Қайназар және Ынтымақ ауылдарына техникалармен 400 тонна құм әкелініп 6000-нан аса қап құммен толтырылды және 14 көшенің бойында орналасқан тұрғын үйлердің аулалары жиналып қалған сулар мен лайлардан тазартылып, үйлердің іштеріне су өтпес үшін құм толтырылған қаптармен аулалар толық бөгеттелді.

"Су басып қалған 8 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Су бағытын арналарға бұру мақсатында арнайы техникалармен 300 метрден аса жыралар жасалды. Жеке құрамның күштерімен 4000 метрден аса тұрғын үйлердің аулалары мен көшелері жалпы көлемі 16 тонна лайлардан тазартылды. Соның нәтижесінде жалпы 80-ге жуық тұрғын үйдің су басу қаупі сейілді", - ведомство өкілдері. 

2018 жылғы 28 ақпан күні су алған өңірдің ахуалымен және жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп Ұзынағаш пен Қайназар ауылдарын аралады және өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстарына үлкен баға беріп әскери бөлім командиріне алғысын жеткізді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная