ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2021 | 09:37
Ұлттық ұлан сарбазы әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған
Павлодарда Ұлттық ұлан сарбазы бөлімнен өз еркімен кетіп қалды. Оны әскери полиция мен еріктілер іздеген, бірақ сарбаз өзі оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда Ұлттық ұлан сарбазы бөлімнен өз еркімен кетіп қалды. Оны әскери полиция мен еріктілер іздеген, бірақ сарбаз өзі оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, әскери қызметші бөлімнен таңертең кетіп қалған.
"Биыл 3 сәуірде таңғы сағат 06.30 шамасында Павлодар қаласында орналасқан 5512 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан, әскери қызметші Елубаев Тамерлан Қайратұлы әскери қызметшілердің орналасқан жерінен рұқсатсыз кетіп қалды. Бұл дерек туралы Павлодар облысының әскери тергеу органдарына хабарланды. Қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметі.
20 жастағы сарбаз камуфляж киімін киіп, қарусыз кеткен. Әскерден қайтуына бірнеше ай ғана қалған, маусымда үйіне оралуы керек еді. Сарбаз қаланың солтүстік өндірістік аймағындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оны әскери полиция, еріктілер мен Көкшетау қаласынан келген туыстары іздеген.
Түнде сарбаз бөлімге өзі оралды.
"Сарбаз, қатардағы жауынгер Елубаев Т. 00.30 шамасында өзі қызмет ететін 5512 әскери бөліміне оралды. Қазіргі уақытта әскери бөлімнен не себеппен кетіп қалған тексеріліп жатыр. Қосымша ақпаратты кейін хабарлаймыз", - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также