ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2017 | 12:18
Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімі ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етті
Бүгін Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде осыдан бір жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне жасалған лаңкестермен қарулы қақтығыс кезінде ерлікпен қаза тапқан әскерилердің рухына мәңгілік тағзым ету мақсатымен "Мәңгілік сапта" атты Акциясы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде осыдан бір жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне жасалған лаңкестермен қарулы қақтығыс кезінде ерлікпен қаза тапқан әскерилердің рухына мәңгілік тағзым ету мақсатымен "Мәңгілік сапта" атты Акциясы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл күні Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының офицерлері, келісімшарт әскери қызметшілері мен сарбаздары 5571 әскери бөлімі "Мәңгілік тағзым" ескерткішінің алдында сап түзеп, қаза болған есіл ерлердің ерліктері мен қайсарлықтарын еске алып бір минуттық үнсіздік жариялады. Артынан қаза болғандардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Әскери қызметшілердің көрсеткен қайтпас ерліктері мен қайсарлықтарына арналған митингті ашу барысында сөз алған Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сүлейменов "Қайтыс болған есіл ердердің қайғысы олардың жақын туыстарының ғана емес, біздің, еліміздің ортақ қайғысы. Олардың табандылықпен көрсеткен ерліктері ешқашан ұмытылмайды, мәңгілік жүрегімізде сақталады, өскелең ұрпақ үшін өшпес ерлік пен Отанға адалдықтың үлгісі болып қалады" деді.
Еске салайық, 2016 жылғы 05 маусым күні сағат 14.35 минутта қарулы лаңкестер тобы қару-жарақты қолға түсіріп, өздерінің қитұрқы әрекеттерін іске асыру мақсатымен Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын.
6655 әскери бөлім әскери қызметшілерінің сенімді іс-әрекеттері мен табандылықтарының арқасында шабуылдаушы топтың мақсаты жүзеге аспай, олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің жолы кесіледі.
Қарулы қақтығыста алғашқы ұрысты өздеріне қабылдаған майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы Досбол Сапар жанқиярлық ерлікпен қаза табады. Сонымен қатар екі келісімшарт әскери қызметші мен төрт мерзімді әскери қызметтің сарбаздары түрлі дәрежедегі жарақаттар алады.
Әскери міндетін орындауда көрсеткен ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлықтары үшін майор Даниэль Майлыбаев ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен (қайтыс болғаннан кейін), кіші сержант Берікжан Қалиев (қайтыс болғаннан кейін), қатардағы Досбол Сапар (қайтыс болғаннан кейін), қатардағы Бақтияр Қайырбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталса, қатардағылар Сырым Сүндетов пен Денис Чернышов "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған болатын.
Показать комментарии
Читайте также