ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 тамыз 2020 11:15
Ұлттық ұланның генерал-майоры Мұхаметқали Сатов қайтыс болды
Қазақстан Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери кеңесі және ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы Сатовтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады және оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген Ұлттық Ұланның хабарламасында.
Мұхаметқали Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағандыда дүниеге келген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу