Ұлттық арнада "Анашым, мені қалдырма..." көркем фильмі көрсетіледі

22 с?уірден бастап "?аза?стан" ?лтты? телеарнасында "Анашым, мені ?алдырма..." к?ркем фильміні? к?рсетілімі басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялы? маркетинг департаментіне сілтеме жасап.

22 сәуірден бастап "Қазақстан" Ұлттық телеарнасында "Анашым, мені қалдырма..." көркем фильмінің көрсетілімі басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға желісі қиын жағдайда жалғыз қалған әйелдердің тағдыры жайында баяндайды. Соңғы кезде шарасыз күйге түскен қыз-келіншектерден қоғам да, тіпті жақындары да теріс айналып жататыны белгілі. Олар барарға жер таппай, түрлі жағдайларға ұшырап, ауыр азаптарымен оқшау қалады.

Бұл әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді.

Реклама
Реклама

Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады. Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары шынайы өмірден алынған.

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы әлеуметтік тақырыптар мен қоғамдағы мәселелерді көрсетуді жалғастыра отырып, көрерменді бейжай қалдырмайтын, 16 бөлімнен тұратын "Анашым, мені қалдырма..." драмасын ұсынады.

Туындыны 22 сәуірден бастап сенбі, жексенбі күндері 15:10-да көре аласыздар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама