ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 ақпан 2016 16:59
Ұлттық банк басшысының шығындарына әйелі жауапты
Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев интернет-конференция қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, отбасының шығындарына әйелінің жауапты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Күнделікті шығынға әйелім жауапты. Үлкен сауда жасайтын болсақ ойласып аламыз. Қазіргі кіріс арқылы ақша жинауға мүмкіндік жоқ. Біз қаражатымызды балаларымыздың білім алуына жұмсаймыз", - деді Ұлттық банк басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақышев ақша жинап жатпағанын айтқан еді. Баспасөз мәслихаты кезінде елдің бас банкирі қандай валютада және қай банкте қаражат жинап жатқаны жайлы сұраққа жауап берді. Сонымен қатар, оған ұлттық валютаның ауытқуынан қанша ұтылғаны жайлы сұрақ қойылды. "Жинақтап жатқан қаражатым жоқ, жалақымды теңгемен аламын", - деді Ақышев.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу