Ұлттық банк төрағасы EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артатынын айтты

Иллюстрация tengrinews ©

Ұлттық банк төрағасы EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артатынын жоққа шығармады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қайрат Келімбетов Астанада өткен орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті.  

"Бізге бірлесе отырып, бағаның қолдан өсуіне жол бермес үшін тиісті қадағалау жүргізу керек. Әрине, баспана құнында өсім болады. Алайда бұл тұрғыда тұрғын үйдің санаты мен оның орналасу орны бөлек мәселе", - деді Ұлттық банк басшысы. 

Қ.Келімбетов баспана құны шамамен қандай деңгейде өсетінін атап өтпеді. Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеге нарықтың қағидалары ықпал етеді, яғни барлығы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама