Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 31,4 миллиард долларды құрайды - Ақышев

Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 31,4 миллиард долларды құрайды - Ақышев

Те?гені? ?згермелі ба?амы елді? алтын-валюта ?орын са?тап ?ана ?оймай, сонымен ?атар оларды ?алпына келтіру процесін бастау?а да м?мкіндік берді. ?ырк?йек ішінде ?лтты? банкті? алтын-валюта ?оры 2,9 пайыз?а ?сіп, 31,4 миллиард долларды ??ра?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?Р ?лтты? банкіні? т?ра?асы Данияр ?кішев Ш?О ??ірлік коммуникациялар ?ызметіндегі баспас?з конференциясы барысында хабарлады.

Теңгенің өзгермелі бағамы елдің алтын-валюта қорын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оларды қалпына келтіру процесін бастауға да мүмкіндік берді. Қыркүйек ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,9 пайызға өсіп, 31,4 миллиард долларды құраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Әкішев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Сондай-ақ, ол қыркүйек айының қорытындылары бойынша Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 миллиард долларды құрағанын айтты. Оның айтуы бойынша, еліміздің халықаралық қоры 2016 жылғы қыркүйек айының соңында 95,8 миллиард долларды құраған.

"Қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң болжамдардың қалыптасуы қазан айының басында базалық мөлшерлемені 12,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және тұрақтылықтың расталуына қарай, базалық мөлшерлеменің одан әрі де төмендетілуі мүмкін", - деді Ақышев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ШҚО ақпараттық орталығында Қазақстанның Ұлттық Банкінің басшысы Өскеменге сапармен келгенін хабарлады. Ол "Алтай Invest-2016"  халықаралық инвестициялық форумына қатысып, ҚР ҰБ Шығыс Қазақстан филиалында болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама