Ұлттық бюро Атырау облысының бірнеше шенеунігіне қатысты іс қозғады

Дина Муратова Редактор
© Tengrinews.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысындағы шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысындағы шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері арнайы жедел-тексеру шараларының нәтижесінде Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына, Бухгалтерлік есеп , қаржы-экономикалық бөлімінің есеп-қисап басқарма басшысына, оған қоса "Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының" Коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директорына және "Жантұрин атындағы облыстық филармония" директорына қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді агенттіктің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Астанада өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, пара алу, бюджеттік қаржыны аса ірі көлемде жымқыру деректері бойынша іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Бухгалтерлік есеп, қаржы-экономикалық бөлімінің есеп-қисап басқарма басшысына үй қамауына алу түріндегі бұлтартпа шарасы қолданылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Бердалин.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама