ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 сәуір 2017 19:33
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына мерейтойлық медаль шығарылады
Н?рс?лтан Назарбаев "?аза?стан Республикасы ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? ??рыл?анына 25 жыл толу ??рметіне арнал?ан мерекелік медаль ж?не мерекелік белгі туралы" жарлы??а ?ол ?ойды, - деп хабарлайды /Тengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды /Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу