Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті. © Ақорда

Қазақстанда қазір 6 мыңға жуық соғыс ардагері мен 220 мың тыл еңбеккері тұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев мәлімдеді. Ол кісі елімізде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына дайындық қызу жүргізіліп жатқандығын және қоғамдық бірлестіктің қызметі мен алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарлары туралы да айтты.Мемлекет басшысы біздің елімізде соғыс және еңбек ардагерлеріне қажетті көмек тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін, өзге де әлеуметтік қолдаулар жасалатынын атап өтті. Айта кету керек, осыдан екі жыл бұрын еліміздегі ҰОС ардагерлерінің саны 10 мыңға жуық еді.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама