09 мамыр 2021 10:52

Ұлы Жеңістің жаңғырығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады - Мамин

Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бұл - Қазақстан халқы үшін аса қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күні біз қасиетті Отанымызды қасық қандары қалғанша қорғап, кейінгі ұрпаққа жарқын болашақ пен бейбіт өмір сыйлаған әкелеріміздің, ата-бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығына құрмет көрсетеміз, жеңімпаз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында шынайы құрметпен және ризашылықпен басымызды иеміз.

Реклама
Реклама

Жыл сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Біздің парызымыз - оларға барынша көңіл бөліп, қамқорлық көрсету, қаһарман батырларымыздың тарихқа айналған ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу.

Ұлы Жеңістің жаңғырығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстанның көгінде әрдайым бейбіт күннің жалауы желбіресін!

Қымбатты ардагерлерімізге мықты денсаулық, өршіл рух, туған-туыстары мен жақындарына бақыт, балалары мен немерелеріне қуаныш тілеймін!" - делінген премьер-министр Асқар Маминның құттықтау сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram