09 желтоқсан 2020 | 15:17

Ұлыбритания соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады

Ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу қолдану туралы бұйрығы алынып тасталды. Бұл туралы "Верный Капитал" компаниясының тобында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу қолдану туралы бұйрығы алынып тасталды. Бұл туралы "Верный Капитал" компаниясының тобында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өзінің талап-арызын қайтарып алуға міндеттелді. Осы келісім бойынша Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы ағылшын сотының бұйрығы алынып тасталды", - деді "Верный капитал" өкілдері.

Реклама
Реклама

БТА банкінің Болат Өтемұратовқа және онымен байланысты адамдар мен компанияларға қарсы талаптарын реттеудің негізгі жолы Мұхтар Әблязов мен оның сыбайластары және соған байланысы бар адамдар мен компаниялардың БТА банкінен ақша ұрлау ісіне Болат Өтемұратов және онымен байланысты адамдар мен компаниялардың қатысы жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсыну туралы келісім саналады.

"Маңызды құжаттардың бір бөлігі аталған келісімге қол қойылғанға дейін ұсынылды. Тараптар БТА банкінің ақшалай қаражатын қайтару жөніндегі шараларды іске асыруда пайдалы болуы мүмкін кез келген дерекпен алмасу мәселесі бойынша ынтымақтасуға уағдаласты", - дейді "Верный Капитал" өкілдері.

Еске салайық, "БТА Банкі" АҚ талап арызы 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа қойылған болатын. 2020 жылдың қарашасында одан кейінгі сотталушылар тізімінің кеңеюіне баланысты оның құрамына Болат Өтемұратов пен оның бизнес құрылымындағы бірқатар адам кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная