Ұлытау облысында жол жөндеуге қатысты жарияланған байқауларда заңнама талаптары бұзылған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлытау облысында жолдарды жөндеуге жарияланған конкурстарда заң талаптары өрескел бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлытау облысында жолдарды жөндеуге жарияланған конкурстарда заң талаптары өрескел бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдігінің қызметкерлері сметалық құжаттамасы жоқ және мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобаларға қаражат бөлген.

Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен көпжылдық келісімшарттар заңсыз жасалған. Прокурорлар араласқаннан кейін 1,5 миллиард теңгенің төрт жобасы бойынша жұмыс тоқтатылып, мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзғаны үшін 9 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Реклама
Реклама

"Бұл жағдай автомобиль жолдары сапасының төмендеуіне әкелетінін ескере отырып, прокурорлық қадағалау актісімен конкурстардың күші жойылды. Әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді", - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Елдос Бөрлібаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама