14 тамыз 2023 16:11

Ұлытау облысында "Қазақмыс" кеншілері ереуілге шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлытау облысында Сәтбаев өндірістік учаскесіне қарасты №65 шахта кеншілері мен мердігерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысында Сәтбаев өндірістік учаскесіне қарасты №65 шахта кеншілері мен мердігерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақмыс" корпорациясы баспасөз қызметі мәліметінше, 14 тамызда түнгі ауысымға шыққан кеншілер мен басқа да жұмысшылар жұмыстың тоқтатылатынын мәлімдеді.

Оқиға орнына "Қазақмыс" басшылығы, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері барғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін кеншілер тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр", - делінген корпорация таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметі "Қазақмыс" компаниялар тобы конструктивті диалогқа ашық деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram