Ұлытау облысында мемқызметкер 16 миллионға бәс тіккені үшін қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнағаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнағаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

"Талдау нәтижесінде Сәтбаев әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды. 1XBET және OLIMPBET букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама