Ұлытау облысында өртенген үйде қалып қойған балалар құтқарылды: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
Ұлытау облысында өртенген үйде қалып қойған балалар құтқарылды: видео Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйдің терезесінен балаларды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйдің терезесінен балаларды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәтбаевта көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Сол маңды патрульдеп жүрген инспекторлар пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Сол сәтте көмек сұрап жүгіріп шыққан тұрғын пәтердің ішінде үш бала қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Реклама
Реклама

"Кейін олар екінші бөлмеге кіруге тырысқан, бірақ төбені шарпыған от ішке өтуге мүмкіндік бермеген. Артынша полицейлер сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы шығарып, аман алып қалды", - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі дереу шақырылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама