Ұлытау өңірінің 140-қа жуық тұрғыны жаңа мамандықтарды игерді. "Атамекен" Ұлытау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыс тұрғындары үшін "Аспаз", "Тігінші", "Шаштараз", "SMM маманы", "Кондитер", "Визажист" мамандықтары бойынша арнайы курстар ұйымдастырылды. Курстарға қыз-келіншектер, тұрғындар мен кәсіпкер болуға ұмтылғандар ынтамен қатысқаны айтылды.
Ұлытау өңірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова бағдарлама туралы айтып, мамандықты игеруге ниет білдіргендер туралы айтып өтті.
Жыл соңына дейін аспаз, тігінші, шаштараз, кондитер және басқа да мандықтарды игеруге ниет білдірген 136 адам жаңа мамандықтарға оқытылды. Олар мамандықты игеріп, сертификаттар алды.
Халықтың түрлі топтары, соның ішінде әлеуметтік осал топтары да осындай қолдауға мұқтаж. Курстарға декреттік демалыстағы қыз-келіншектер мен кәсіпкер болуға ұмтылғандар ынтамен қатысты. Бұл мамандықты игеріп, алдағы уақытта жеке кәсіп бастауға қолдау болады.
Бұл адамдардың жаңа дағдыларды меңгеруге және жаңа бағытта кәсіби құзыреттілікке ие болуға ұмтылғанын көрсетеді. Мамандықты игерген қыз-келіншектер үй жағдайында да кәсібін бастап, алдағы уақытта дамуына бастама болары анық. Ұлытау өңірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженованың айтуынша, бұл бағдарлама адамның ой-өрісін кеңейтіп, жұмыстың түрлі салаларында біліктілігін арттырудың маңызды алаңына айналған. Оның айтуынша, бағдарламалардың арқасында көптеген адамдар жеке және кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндік тапқан.
"Осындай оқыту бағдарламалардың арқасында көптеген адамдар жеке және кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктер тапты. Бұл курстардың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді, арнайы курстар біздің азаматтарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі. Бұл бағдарлама адамның ой-өрісін кеңейтіп, жұмыстың түрлі салаларында біліктілігін арттырудың маңызды алаңына айналды", - деп атап өтті Ұлытау өңірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова.
Ұлытау өңірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова, халық пен ұмтылған кәсіпкерлерге заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне көмек көрсете отырып, белсенді дамуды жалғастыра беретінін айтты.