28 желтоқсан 2022 | 08:44

Ұлытауда жаназа кезінде газ баллоны жарылып, 20 адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылып, 20 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылып, 20 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаңаарқа ауылында болған. Көпшілік үй иесін жерлеу рәсіміне дайындалып жатқанда жеке моншада газ баллоны жарылып, жалын шыққан, бірақ өрт тез сөндірілген.

Өрт кезінде 100 шаршы метр шатыр опырылып түскен. Алдын ала болжам бойынша, газ баллоны суықтан әкелініп, пештің жанына қойылғандықтан жарылған.

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлік тексерістен кейін зардап шеккен 20 адамның 19-ы үйлеріне жіберілгенін мәлімдеді. Барлығының жағдайы жақсы. Ауруханада бір зардап шегуші ғана қалған, науқасты емдеу үшін Қарағандыға жіберу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная