ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2024 | 13:20
Үндістандағы жеке клиникада 50 жастағы қазақстандық зорланған - БАҚ
Үндістандық 25 жастағы санитар 50 жастағы қазақстандық әйелге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістандық 25 жастағы санитар 50 жастағы қазақстандық әйелге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Үндістанның Гургаон қаласының аудандық прокуроры Artemis жеке клиникасында қазақстандық әйелді зорлау оқиғасынан кейін тергеу жүргізуді тапсырған.
Тхакур Сингх деп танылған айыпталушы Раджастандағы Тиджар тумасы және соңғы бір жылда ауруханада санитар болып жұмыс істеген.
Полиция мәліметінше, науқас Үндістанға қызымен бірге 12 шілдеде келген. Жексенбіде оған ота жасалып, кейін бөлмеге ауыстырылған. Тхакур әйелге жаялығын ауыстырып жатқанда қол тигізгенін айтқан.
Бірақ сол күні айыпталушы оған бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен көрінеді. Бұл туралы әйел қызына айтқан, ол өз кезегінде аурухана басшылығына хабарлап, полицияға хабарласқан.
Науқастың қызының арызы негізінде сол күні зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 шілдеде Тхакур тұтқындалып, қамауға алынған. Комиссардың орынбасары Нишант Кумар Ядав бұл оқиғаның аурухана тарапынан елеулі қателік болғанын айтты.
Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также