25 қаңтар 2022 | 17:03

ҰОК бас хатшысы спортшылардың ақысына қатысты дау туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Александр Геберт. Видеодан алынған кадр

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 2021 жылдың күзінде фристайлдан Қазақстан құрамасының сапындағы спортшылардың ақысына қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 2021 жылдың күзінде фристайлдан Қазақстан құрамасының сапындағы спортшылардың ақысына қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистердің бірі спортшылардың ақысына қатысты сұрақ қойды.

"Спорттағы сәтсіздіктер осы саладағы жемқорлықпен байланысты деген пікірлер бар. Мәселен, өткен жылдың күзінде спортшы Александр Гербер мен оның командаластары бас бапкерге іссапарға төленетін ақыларын бергенін айтып шағымданды. Неге спортшылар іссапарға төленетін ақыларын кеш алады"- деп сұрады журналист.

Реклама
Реклама

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев фристайл (могул) командасының мәселесі тіркелгенін айтты. 

"Бүгінгі күні осы мәселе бойынша ресми уәкілетті органдар өз тексерулерін жүргізіп, бұл оқиғада сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың жоқтығын растады", - деп түсіндірді Жарасбаев.

ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков қойылған сұрақтың ауыр екенін айтып, журналистерді хайп қумауға шақырды. Қазір бүкіл ел Олимпиада ойындарында өнер көрсететін команданы дайындап жатқанын баса айтты.

"Бірден айтамын, бұл сұрақта хайптың иісі шығып тұр. Серік Мұратұлы айтқандай, тексерулер жүргізілді. Ал егер тексеру барысында мұндай факт расталмаған болса, бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ", - деп қосты ол.

Сонымен бірге, Крюков бүгінде спортшы мен жаттықтырушы арасында жеке келеңсіздіктер орын алған жағдайда сенім телефонына хабарласу мүмкіндігі бар екенін қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная