ҰҚК және ІІМ арнайы операция жүргізді: 8 адам ұсталды, оның ішінде Қызылорданың көлік прокуроры бар

ҰҚК  және ІІМ арнайы операция жүргізді: 8 адам ұсталды, оның ішінде Қызылорданың көлік прокуроры бар © Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет

?лтты? ?ауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі ?ызылорда облысы аума?ында арнайы операция бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы аумағында арнайы операция бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

"Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама