"Урал" мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшірмек

"Урал" мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшірмек Иллюстрация: pixabay

Ural Motorcycles бас директоры Илья Хаит компания мотоцикл өндірісін Қазақстанның Петропавл қаласына көшіретінін айтты. Бұл туралы ол компанияның YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta сайтына сілтеме жасап.

Өндірісті Свердловск облысының Ирбит қаласынан көшіру туралы шешім санкцияға ұшыраған құрамдас бөліктер болмауына, сондай-ақ Ресейден техникалар импорттауға тыйым салынуына байланысты шығарылған. "Урал" мотоциклінің көпшілігі батыс елдеріне, соның ішінде АҚШ-қа жеткізіледі.

Дегенмен, Ирбит мотоцикл зауытының (ИМЗ) өзінде жұмыс жалғасады: онда мотоциклдерге арналған жақтаулар мен корпус элементтері шығарылады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама