ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 14:46
Ұрланған телефондарды шет елден табуға мүмкіндік бар - Қасымов
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанда ұрланған ұялы телефондарды шет елдерден табуға мүмкіндік барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанда ұрланған ұялы телефондарды шет елдерден табуға мүмкіндік барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанда ұрланған телефондарды қосу мүлде мүмкін емес, өзіңіздің ЖСН мен құжаттарыңызды көрсетпей, ұстауға құқыңыз жоқ. Ұрланған телефондарды шет елде ұстау мүмкіндігі жайлы... Қазіргі уақытта ұрланған телефон қай елде қосулы тұрғанын анықтайтын бағдарламаны іске қосып жатырмыз", - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұрланған телефондардың 87 пайызы Қазақстанда қосылады.
"Бізде сараптама бар, біз ұрланған телефондардың Қытайда, Ресейде және Қырғызстанда қосылатынын байқап жүрміз. Біз ол жаққа сауал жібереміз, жұмыс істейміз. Бізде тіркелу тәртібі дұрыс дамымағандықтан, ұрланған телефондардың 80 пайызы елімізде қосылады. Бағдарламаны іске асырамыз", - деді министр.
Осыған дейін ұялы операторлар құқық қорғау органдарының сауалы бойынша 15 мыңнан аса телефонды бұғаттаған.
Показать комментарии
Читайте также